Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уимблдон-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екінші айналымда қазақстандық-сербиялық жұп украиналықтар Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаға қарсы ойнады.
Матч үш сетке созылып, Анна мен Александраның 2:6, 6:4, 6:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Данилина мен оның жұптасы бір эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Ширек финалға шығу үшін Данилина мен Крунич эстониялық Ингрид Нейл мен мексикалық Джулиана Олмос және норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Куинн Глисон жұптарының жеңімпазымен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript