Франция мен Марокко әлем чемпионатының ширек финалында кездеседі
Сурет: Instagram/k.mbappe
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы ширек финалдық жұбы анықталды. Франция құрамасы 1/8 финалда Парагвайды жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу 5 шілдеге қараған түні АҚШ-тағы "Линкольн Файненшел Филд" стадионында өтті. Матчта Франция құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, француздар ширек финалда Марокко құрамасымен кездеседі.
Бұған дейін "Атлас арыстандары" атанып кеткен Марокко құрамасы Канаданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.
Франция мен Марокко арасындағы ширек финалдық кездесу 9 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатының қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript