Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте "Ролан Гарростың" финалына шықты

Анна Данилина, Ролан Гаррос, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 20:59 Сурет: Instagram/AlexKrunic
5 маусымда Парижегі корттарда қазақстандық Анна Данилина жұптық сында әйелдер арасындағы Франция ашық чемпионатының 1/2 финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Александра Круничпен бірге екінші жартылай финалдық кездесуде Шуко Аояма (Жапония) мен Эн-Шуо Лянгты (Тайбэй) жеңе алды. Есеп – 7:5, 6:2.

Енді Франция чемпионатының финалында Данилина мен Крунич әлемнің ең мықты жұбы - Катерина Синякова (Чехия) мен Тейлор Таунсендпен (АҚШ) кездеседі.

Олар француз турнирінің бірінші жартылай финалында бір сағат барысында Габриэла Дабровский (Канада) /Луиза Стефани (Бразилия) жұбын айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 6:0, 6:1.

"Ролан Гаррос-2026" турнирінің әйелдер арасындағы басты матчы 7 маусымда өтеді. Данилина/ Крунич жұбы бір жыл бұрын француздық Гранд Сламның финалында өнер көрсеткен болатын.

Сондай-ақ бүгін итальяндық Перуджиден жақсы жаңалық келіп жетті, жергілікті "Челленджердің" ширек финалында корт қожайыны Марко Чеккинатоны Қазақстанның үшінші ракеткасы Тимофей Скатов 6:4, 6:4 есебімен ұтып кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: