Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 10:50 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда "Үлкен дулыға" додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – нидерландылық Деми Схурспен кездесті.

Матчты қазақстандық-сербиялық дуэт қос брейкпен сәтті бастады – 3:0. Бұдан кейін Мухаммад – Схурс қайыра брейк жасағанымен, Данилина – Крунич дегеніне жетті – 6:4. 

Екінші сетте Анна мен Александра қарқынын тіпті үдетті - 6:0.

Анна Данилина – Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендпен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: