Анна Данилина Италиядағы турнирдің финалына шықты

Анна Данилина, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 21:50 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 1-ракеткалары А.Данилина - ресейлік Ирина Хромачева жартылай финалда тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева - португалиялық Франчиска Хорхемен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағат 5 минутқа созылған матчта 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Анна Данилина - Ирина Хромачеваның финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: