Дмитрий Биволдың көптен күткен жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Дмитрий Биволдың көптен күткен жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 10:07 Сурет: Instagram/bivol_d
Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Бивол арқасынан алған жарақатынан толық айыққан соң, 2026 жылдың наурыз немесе сәуір айларында рингке қайта оралатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегінше, көпшілік оның Артур Бетербиевпен жекпе-жекке шығуын күткен.


Бұған дейін Бетербиевтің өзі келесі кездесуінде Дмитрий Биволмен триологияны аяқтағысы келетінін айтқан болатын. Еске салсақ, 2025 жылдың ақпанында олар жекпе-жек өткізіп, Бетербиев жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы ол беделін қайта қалпына келтіруді мақсат еткен.


Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Соған қарамастан, Бивол – Бетербиев арасындағы жекпе-жек 2026 жылдың көктемінде өтпеуі мүмкін деген болжам бар. Үшінші рет Бетербиевпен кездесудің орнына, Биволға WBA нұсқасы бойынша ресми үміткер саналатын Майкл Эффертпен жекпе-жек ұйымдастырылуы ықтимал.


Бұған дейін теннисші Анна Данилина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: