Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Анталья қаласында күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Сондай-ақ қазақстандық "классиктердің" қоржынында екі қола жүлде бар. 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келі салмақта Рахат Бержанов үшінші орынға ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript