Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды

Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 17:07 Сурет: olympic.kz
Вунгтауда (Вьетнам) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық «классиктер» алты жүлде жеңіп алды, оның үшеуі - алтын.

Азия чемпионатының жеңімпаздары атанғандар: Исхар Құрбаев (60 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Ақжан Ықыласов (77 келіге дейін).

Юсуф Мациев (97 келіге дейін) пен Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Диас Қалтай (82 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: