Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды

Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2026 12:42 Сурет: ашық дереккөз
Боксшы, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады, алайда аталмыш команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады.

Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

Бақыт Сәрсекбаев 1981 жылы дүниеге келген. Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.

2024 жылғы желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: