Бублик биылғы алғашқы титулын жеңіп, үздік 10 теннисшінің қатарына енді
Сурет: instagram.com/atptour
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Гонконгта өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалда Бублик италиялық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Лоренцо Музеттимен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 7:6, 6:3.
Осылайша, Александр турнир титулын иеленіп қана қоймай, тарихи жетістікке қол жеткізді: жаңартылған ATP рейтингінде ол үздік ондыққа (топ-10) енеді.
Бұған дейін қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы ерлер арасындағы жекелей сында мұндай нәтижеге жетпеген.
Еске салайық, Гонконгтағы турнир барысында Александр Бублик нидерландиялық Ботик ван де Зандсхулпты (75-орын), қытайлық Шан Цзюнчэнді (406-орын) және АҚШ өкілі Маркос Гиронды (64-орын) жеңген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript