Үстел теннисінен Қатарда өтетін турнирде қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды

Үстел теннисінен Қатарда өтетін турнирде қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 00:32 Сурет: olympic.kz
13-18 қаңтар аралығында Дохада (Қатар) үстел теннисінен WTT Star Contender Doha турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа әлемнің көптеген мықты спортшылары қатысады. Олардың қатарында Лин Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Лин Юн-Чжу (Тайбэй, №9), Куай Мэн (Қытай, №3), Чжу Юлин (Макао, №7), Че И (Қытай, №8), Шин Юбин (Оңтүстік Корея, №12) бар.

Қазақстан атынан Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді. Жеребе қорытындысы бойынша олардың іріктеу кезеңінің алғашқы айналымындағы қарсыластары анықталды.

Жекелей сын

Ескендір Харки - Али Альхадрави (Сауд Арабиясы).

Сарвиноз Миркадирова - Марьям Али (Қатар).

Әйелдер арасындағы жұптық сын

Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) - Маника Батра / Дия Читале (Үндістан).

Аралас жұптық сын

Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: