Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Қатардағы WTT Star Contender турниріндегі өнерін аяқтады
Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының теннисшілері Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетті. Олар іріктеу кезеңінде ойнап, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.
Қазақстандық спортшылардың көрсеткен нәтижесі:
Жекелей сайыс:
Ескендір Харки - Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) - 2:3
Сарвиноз Миркадирова - Марьям Али (Қатар) - 3:0
Сарвиноз Миркадирова - Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) - 0:3
Әйелдер арасындағы жұптық сайыс:
Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) - Маника Батра / Дия Читале (Үндістан) - 0:3
Аралас жұптық сайыс:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) - 0:3
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript