Қазақстандық жасөспірімдер ресейлік және беларусьтік спортшылармен хоккей ойнайды
Сурет: pexels
2026 жылғы 2–5 ақпан аралығында Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының қарсыластары 18 жасқа дейінгі Беларусь құрамасы, 16 жасқа дейінгі Ресей құрамасы, сондай-ақ Ресейдің қыздар құрамасы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚХФ баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық матчтар "Барыс Арена" мұз айдынының Б блогында өтеді, кіру тегін.
Eurasia Jastar Cup матчтарының кестесі (Астана уақыты бойынша):
2026 жылғы 2 ақпан:
- 15:00 – Ресей U16 – Ресей қыз.
- 19:00 – Қазақстан U18 – Беларусь U18
2026 жылғы 3 ақпан:
- 15:00 – Беларусь U18 – Ресей U16
- 19:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыз.
2026 жылғы 4 ақпан, 3х3 турнирі:
- 13:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыз.
- 13:50 – Ресей U16 – Беларусь U18
- 14:40 – 3-орынды анықтайтын матч
- 15:30 – Финал
2026 жылғы 5 ақпан:
- 15:00 – Беларусь U18 – Ресей қыз.
- 19:00 – Қазақстан U18 – Ресей U16
Бұған дейін Милан-2026 қысқы Олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript