Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден өз айдынында өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz
Шешуші матчта отандық команда Ресейдің U16 жасөспірімдер құрамасымен кездесті. Бұған дейін қос команда да Беларусьтің U17 құрамасы мен Ресейдің әйелдер құрамасын екі реттен жеңген болатын. Қазақстандық хоккейшілер Беларусь командасын 3:0 есебімен, ал Ресейдің әйелдер құрамасын 9:4 нәтижесімен ұтты. Ал Ресей құрамасы бұл қарсыластарын тиісінше 2:1 және 10:0 есебімен жеңді.
Ақтық ойында қазақстандықтар алғаш болып есеп ашты. Қарсылас команда таразы басын теңестіргенімен, айдын иелеріне қайтадан алға шығу үшін небәрі 10 секунд жеткілікті болды. Екінші кезеңде Таир Бигаринов есепті 3:1-ге жеткізсе, үшінші кезеңде ол хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды - 4:1.
Осылайша, үш матчтың үшеуінде де жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.