Дэвис кубогі: Қазақстан – Монако матчында алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең

Дэвис кубогі: Қазақстан – Монако матчында алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 18:43 Сурет: ktf.kz
Астанада Дэвис кубогінің әлемдік 1-топ плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матчтар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын күнін Александр Бублик пен Уго Нис арасындағы кездесу ашты. Матч қазақстандық теннисшінің айқын басымдығымен – 6:0, 6:3 есебімен аяқталды.

Одан кейін кортқа Александр Шевченко шықты. Ол қарсылас құраманың көшбасшысы, әлемнің 27-ракеткасы Валантен Вашромен шеберлік байқасты. Бұл жолы жеңіс Валантенге бұйырды, ол 6:0, 6:3 есебімен ұтты.

Еске салайық, ертең, 7 ақпанда, ойын күні жұптық кездесумен басталады: Александр Бублик / Бейбіт Жұқаев жұбы Роман Арнеодо / Уго Нис дуэтіне қарсы ойнайды.

Бұдан кейін тағы екі жекелей матч жоспарланған: Александр Бублик — Валантен Вашро, Александр Шевченко — Уго Нис.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: