Дэвис кубогы: Болгариямен матчта Скатов пен Бублик Қазақстанды алға шығарды

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2023 10:21 Сурет: ktf.kz
София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария құрамалары ойнап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов пен дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузманов кортқа шықты.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Скатов 3:0 есебімен алға кеткенімен, болгариялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тимофей мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Содан кейін шешуші, үшінші сетте бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Екі сағат 47 минутқа созылған кездесу барысында Скатов 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.

Екінші кездесуде әлемнің 29-ракеткасы Бублик дүниежүзілік рейтингте 569-орында тұрған Янаки Милевпен кортқа шықты.

Сурет: ktf.kz

Бірінші партияны қазақстандық теннисші брейкпен бітірді – 6:4.

Екінші сетте Бублик бірден брейк жасап, 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:1.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Александр 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Осылайша, Қазақстан – Болгария матчында есеп – 2:0.

Бүгін, жексенбі күні үш бәсеке жоспарланған. Қазақстанға матчта жеңіске жету үшін соның біреуінде ұтса, жетіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: