Жаңалықтар тізбегі
0

Дэвис кубогы: Бубликтің жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы келесі кезеңге шықты

Александр Бублик Сурет: ktf.kz
София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында рейтингіде 179-орындағы Димитар Кузмановпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір бәсеке ойналса да, ештеңені шешпейді.

Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз