Дэвис Кубогын сарапқа салған белді турнирді Александр Шевченко сәтті бастады

Александр Шевченко, теннис, Астана, Дэвис Кубогы, Пәкістан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2025 17:55 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Астанада Дэвис Кубогын сарапқа салушы Бірінші әлемдік тобында Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасында өтіп жатқан плей-офф матчында Александр Шевченко жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Корттағы алғашқы ойында жекелей сында әлемнің 75-ші ракеткасы Александр Шевченко мен әлемдік рейтингтен орын алмаған пәкістандық Музаммиль Муртаза кездесті.

Матч 62 минутқа созылып, Шевченко екі сетте де жеңіске жетті: 6: 2, 6:1.

Осылайша, Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасында ұпай: 1:0.

Екінші матчта Бейбіт Жұқаев пен Хузайла Абдул Рехман кездеседі.

Бұған дейін Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франциядағы турнирде чемпиондық атақты қорғай алмағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: