Александр Бублик Дэвис Кубогының Данияға қарсы ойынын ашады

Александр Бублик Дэвис Кубогының Данияға қарсы ойынын ашады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 16:21 Сурет: ktf.kz
Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында "Дэвис Кубогының" бірінші әлемдік тобы жарысына жеребе өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 қыркүйекте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Эльмир Мёллерге қарсы кездесуде ойын күнін ашады. Содан кейін екінші матчта кортқа Александр Шевченко мен Август Хольмгрен шығады.

15 қыркүйек күні бағдарламаны жұптық сындағы ойыншылар бастайды: Александр Недовесов / Бейбіт Жукаев және Йоханнес Ингилдсен/Кристиан Сигсгаард.

Содан кейін екі жеке кездесу жоспарланған — Александр Бублик Август Хольмгренмен шайқасады, ал Александр Шевченкоға Эльмер Мёллер қарсылас болады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Серіктестік ақпарат

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: