Жаңалықтар тізбегі
0

Теннистен Қазақстан құрамасы Данияға қарсы ойнайтын құрамды жариялады

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 18:18 Сурет: olympic.kz
14-15 қыркүйекте теннистен Қазақстан құрамасы Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Данияға қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб аталған кездесуде ел намысын қорғайтын ойыншыларды жария етті. 

Қазақстан сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов сынға түседі.

Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен мына теннисшілерге сенім артты: Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард.

Дания құрамында әлемнің 15-ракеткасы Хольгер Руне жоқ. Ойындар Астанадағы Beeline Arena орталығында хард төсенішіндегі корттарда болады. 

Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: