Астанадағы Дэвис кубогы: Таиландқа қарсы қос матчта да Қазақстан жеңіске жетті

Теннис, Астана, Дэвис кубогы, Таиланд, Қазақстан, Александр Шевченко, Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 19:45 Сурет: olympic.kz
Астанада Дэвис кубогының екінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы кездесу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Шевченко Қазақстанды есепте алға шығарды. Ол Максимус Джонспен ойнады. Қазақстандық теннисші бірінші партияда басым түсіп, екіншісінде жеңіліп қалғанымен, шешуші сетте жеңіске жетті. Есеп – 6:4, 1:6, 7:5.

Екінші кездесуде Тимофей Скатов Касидит Самреймен күш сынасты. Қазақстандық теннисші екі сетте де жеңіске жетіп, матчты 6:4, 7:6 (7:4) есебімен аяқтады.

Осылайша, бірінші ойын күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы есепте 2:0 есебімен алда келеді.

19 қыркүйекте кездесу жұптық матчпен жалғасады. Одан кейін тағы екі жекелей ойын өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: