"Ирина Кайратовна" тобы Моңғолия құрамасының олимпиадалық киіміне тәнті болды

Моңғолия құрамасының олимпиадалық киімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 11:37 Сурет: Instagram/goyolcashmere.mn
Моңғолия ұлттық құрамасының олимпиадалық формасы "Ирина Кайратовна" тобының музыканттарын ерекше таңғалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қаңтарда Моңғолияның Олимпиада комитеті 2026 жылы Италияның Милан–Кортина қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында спортшылар киетін салтанатты және күнделікті киім үлгілерін ресми түрде таныстырған болатын.

Коллекция сипаттамасында бұл киімдер дәстүрлі үлгілерді заманауи дизайнмен үйлестіріп қана қоймай, ежелгі моңғол ұлттық киім мәдениетін жаңғыртуға бағытталғаны айтылған. Ол – елдің ұлы тарихы мен мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Үлгілер XIII–XV ғасырлардағы Ұлы Моңғол империясы дәуіріндегі киімдерден негіз алған.

Киімдерде қозғалысқа еркіндік беретін белдемшедегі тілік, жел мен суықтан қорғайтын биік жаға, сондай-ақ жылулық пен бірлікті бейнелейтін алдыңғы бөлігі толық жабылатын пішін сияқты дәстүрлі элементтер сақталған.

Сонымен қатар коллекцияны жасау барысында шеберлер жібекпен әрленген жоғары сапалы моңғол кашемирін пайдаланған. Киімдерге дәстүрлі өрнектер, соның ішінде мүйіз бейнелі оюлар кестеленген. Авторлардың пікірінше, бұл үлгілерге салтанатты әрі нәзік сипат береді.

Күнделікті киім топтамасы да сапалы кашемирден тігілген. Олар Батыс таулы аймақтарының шаңғы киімдерінен шабыт алып, моңғол киіз үйі мен көшпелі өмір салтының нақыштарымен толықтырылған.

"Осы үлгілер арқылы біз әлемдік спорт аренасында мыңдаған жыл бойы Орталық Азияның биік тауларындағы қатаң қысты бастан өткерген моңғол халқының төзімділігін, даналығын және жауынгерлік рухын мақтанышпен таныстырамыз. Қыстан алып шыққан рухымызды әлемге ұсынамыз", – деп түйіндеді коллекция авторлары.

Бұл ретте, "Ирина Кайратовна" тобы да жаңа топтамаға пікір білдіріп, бірнеше жылдан бері әріптестерімен бірге спортшылардың сыртқы келбеті өте маңызды екенін айтып келе жатқанын жеткізді. Олар креативті индустрия мен спортты біріктіретін түрлі бірлескен жобалар мен идеяларды да ұсынған.

"Бір күні бізді де естиді деп үміттенеміз", – деді музыканттар.

Бұған дейін Қазақстандық спортшы тау шаңғысынан Италиядағы жарыста топ жарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: