Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілді

Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 22:50 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Ержан Еренқайыпов (66 келі) халықаралық жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, Ержан Еренқайыпов 2023 жылы Азия кубогының ашық турнирінде топ жарған.

Кейінгі қатысқан халықаралық жарыстардың бәрінде жеңіліске ұшыраған қазақстандық балуан сәтсіз сериясын тоқтатып, Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген.

Аталған жайсыз оқиғаға қатысты отандасымыздың аты-жөні IJF рейтингідегі тізімнен алынды.

Айта кетейік, Еренқайыповтың допинг дауына ілігуі Қазақстан дзюдо федерациясының халықаралық аренадағы беделіне кесірін тигізуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: