Финляндия құрамасының бас бапкері Олимпиададан шеттетілді
Сурет: pexels
Финляндияның шаңғы трамплинінен секіру құрамасының бас бапкері Игорь Медвед Олимпиада-2026 ойындарынан ішімдікке қатысты жанжалға байланысты шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Чемпионат" басылымының мәліметінше, фин спортшылары Олимпиада аяқталғанға дейін бас бапкерсіз өнер көрсетеді. Медвед команда құндылықтарын бұзғаны үшін еліне қайтарылған.
Финляндия Олимпиадалық комитетінің жоғары жетістіктер спорты бөлімінің жетекшісі Янне Ханнинен бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Медвед бүгін үйіне қайтты. Мәселе алкогольге байланысты. Біз ережелердің бұзылуына өте қатаң қараймыз және жедел шара қолданамыз", – деді ол.
Өз кезегінде бапкер жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады. Игорь Медвед Финляндия құрамасының бас бапкері қызметін 2024 жылдың жазынан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол Словения құрамасы сапында өнер көрсеткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript