Қазақстан құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Аяулым Әміренова, Қазақстан туы, Қазақстан құрамасы, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 09:40 Сурет: olympic.kz/Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов
7 ақпанға қараған түні Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Спортшылар шеруі таратылған форматта өтіп, салтанаттың ең маңызды сәттерінің біріне айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегациялар Милан, Ливиньо, Предаццо және Кортина-д’Ампеццо қалаларында кезекпен шықты. Қазақстан құрамасының туын Миланда – Денис Никиша, Ливиньода – Аяулым Әміренова көтеріп шықты. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Предаццо қаласындағы шеруге де қатысты.

Рәсім барысында 2025 жылы өмірден өткен әйгілі сәнгер Джорджо Арманиге арналған еске алу бөліміне де ерекше орын берілді. Оның Emporio Armani (EA7) бренді ұзақ жылдар бойы Италияның Олимпиада және Паралимпиада құрамаларына спорттық киім әзірлеп келген.

Сурет: olympic.kz/Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов

Салтанатты рәсімнің музыкалық сүйемелдеуін әлемдік және италиялық сахна жұлдыздары қамтамасыз етті. Олардың қатарында Мэрайя Кэри, әйгілі италиялық тенор Андреа Бочелли, әнші Лаура Паузини, қытайлық пианист-виртуоз Лан Лан және басқа да өнерпаздар болды. Ашылу салтанатының креативті директоры – Марко Билич.

Ресми бөлімде Италия президенті Серджо Маттарелла, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентри, 2026 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің президенті Джованни Малаго сөз сөйледі.

ХОК президентінің сөзінен кейін Италия президенті Серджо Маттарелла 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ашық деп жариялады. Салтанатты шараның соңғы көркем көріністерінің бірі – актриса Шарлиз Терон қатысқан "Әлем көгершіні" нөмірі болды.

Сонымен қатар Олимпиадалық ант қабылданып, салтанаттың шарықтау шегі ретінде қала мен таулы аймақта орналасқан екі Олимпиадалық шырақ жағылды. Екі алау Милан мен Альпінің, қала мен табиғаттың, дәстүр мен болашақтың арасындағы байланысты бейнеледі.

Сурет: olympic.kz/Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов

Милан қаласында басты алау ұстаушылар ретінде тау шаңғы спортының аңыз чемпиондары Дебора Компаньони мен Альберто Томба қатысты. Ал Кортина қаласында алауды тау шаңғысынан Олимпиада чемпионы София Годжа тұтандырды.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиадада 36 қазақстандық спортшы 10 спорт түрінен ел намысын қорғайды. Отандастарымыздың алғашқы жарыстары 7 ақпанда басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: