Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада алауы тұтатылды

Олимпиада алауы, Италия, Милан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 09:55 Сурет: unsplash
Миланда Триумф аркасында тау шаңғысы бойынша үш дүркін Олимпиада чемпиондары Альберто Томба мен Дебора Компаньони Олимпиада алауын тұтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл тарихи рәсім Олимпиада алауын жағу үшін алғаш рет екі тостаған орнатылуымен ерекшеленеді. Тостаған Кортинада Пьяцца Дибона алаңында да орнатылды.

Мұнда тау шаңғысы бойынша олимпиада чемпионы София Годжа от қойды. Осылайша 2026 жылғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты аяқталды.

Сурет: видеодан алынды

Бұған дейін Қазақстан құрамасының 6 ақпанда Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанын жазған болатынбыз. Қазақстан құрамасының туын Миланда – Денис Никиша, Ливиньода – Аяулым Әміренова көтеріп шықты. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Предаццо қаласындағы шеруге де қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: