Қысқы Олимпиада: Абзал Әжғалиев пен Денис Никишаның ширек финалдағы қарсыластары кім

Қысқы Олимпиада: Абзал Әжғалиев пен Денис Никишаның ширек финалдағы қарсыластары кім, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 17:20 Сурет: olympic.kz
Шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр жарыста Ұлттық құрама спортшылары Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша іріктеуден ширек финалға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финал мен жүлде жолындағы сайыс 18-інен 19 ақпанға ауған түні өтеді.

Назарыңызға олардың тобында жүгіретін атлеттерді ұсынамыз.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Барлығы 4 топ. Айта кетейік, жартылай финалға әр топтан 1-2-орын алған шорт-трек шебері тікелей жолдама алады. Сонымен қатар кейін мәреге 3-болып жеткен 2 спортшы үздік уақыт көрсеткіші бойынша 1/2 финалға өтеді.

Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларындағы қысқы Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді. Елімізде жарыстарды Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly және "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: