Олимпиада-2026: Қазақстанның қос спортшысы шорт-тректен ширек финалға өтті

Абзал Әжіғалиев, Олимпиада, шорт-трек, ширек финал, Денис Никиша, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 17:12 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта жарыс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғауда, делінген ҰОК хабарламасында.

Іріктеу кезеңінен өту үшін спортшылар өз тобында 1-2-орын алуы немесе үшінші орын алғандар арасынан уақыт көрсеткіші бойынша үздік төрттікке енуі қажет болды.

Әжіғалиев екінші топта кейбір қарсыластарының құлаған сәтін тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті де, тікелей 1/4 финалға жолдама алды.

Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетті. Алайда оның уақыт көрсеткіші іріктеу кезеңінен өтуге жеткілікті болды.

Айта кетейік, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді.

Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: