Ташкенттегі Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды

Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 17:45 Сурет: olympic.kz
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 14 балуан қорғайды. Ұлттық құрама тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер:

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді

90 келіге дейін: Барақ Арқабай

100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев

Әйелдер:

78 келіден жоғары: Назгүл Маратова

Айта кетейік, ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Grand Slam 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: