Қазақстандық екі балуан Албаниядағы жарыстың финалына шықты
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік жарыста Ұлттық құраманың 2 балуаны ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер арасында 50 келі салмақтағы ел чемпионы Зейнеп Баянова іріктеуде АҚШ, Жапония және жартылай финалда Үндістан спортшысын жеңді. Ертең отандасымыз финалда тағы бір үндістандық Прианши Праджапатпен күш сынасады.
Ал 55 келі салмақтағы Лаура Алмағанбетова алғашқы белдесуде Үндістан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түсіп, ақтық сынға өтті. Оның шешуші айқастағы қарсыласы Лилия Маланчук (Украина) болады.
Сонымен қатар ертең кешке еркін күрестен Камиль Куруглиев (92 келі) пен Ризабек Айтмұхан (97 келі) қола медаль үшін бақ сынайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript