Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде сегіз медаль еншіледі

Жәмилә Бақбергенова, бокс, Албания, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 19:28 Сурет: ҚР ҰОК
Тиранада (Албания) күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалғыз алтынды Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) иеленді. 

Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) әйелдер күресінде қола медальға ие болды.

Грек-рим күресінде Ерасыл Мамырбеков, Ерсін Абыыр (55 келіге дейін) және Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) үшінші орынға тұрақтады.

Ұлттық құрама еркін күрестен де үш жүлде жеңіп алды. Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін) және Рүстем Мырзағалиев (86 келіге дейін) қола жүлде еншіледі.

Айта кетсек, қазақстандық боксшы Болгариядағы элиталық турнирде өз нәтижесімен көпті таң қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: