Қазақстандық боксшы Болгариядағы элиталық турнирдің нәтижесімен таң қалдырды

Серік Теміржанов Софиядағы (Болгария) Странджа кубогында ұлттық құрама қоржынына алтын алып бере алмады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде болгар спортшысы Родослав Розеновпен кездесті.
Айта кетейік, Серік Теміржанов 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болатын.

Сурет: ҚР ҰОК
Барлық үш раундта ол қарсыласына екі қолымен бірдей тиімді шабуыл жасады, дене мен бас аймағына сәтті соққылар берді. Қарсыласының шабуылынан да жақсы қорғана алды. Дегенмен, төрешілердің шешімімен Родослав Розенов жеңімпаз атанды.
Осылайша Қазақстан әзірше алтынсыз қалды.
Бұған дейін Странджа-2025 кубогында екі қазақстандық жекпе-жексіз жеңімпаз атанғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript