Странджа-2025 кубогында екі қазақстандық жекпе-жексіз жеңімпаз атанды

Қазақстандық боксшылар Бекзад Нұрдәулетов пен Сабыржан Аққалықов кіші әлем чемпионатында "алтын" жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетов отандасы Нұрбек Оралбаймен рингке шығуы керек еді, алайда олардың жекпе-жегі жойылып, Бекзад жеңімпаз атанды.
Бұл рете, 75 келіге дейінгі салмақта Аққалықовтың қарсыласы Тимур Нұрсейітов жарақатына байланысты бас тартуға мәжбүр болды.
Бұған дейін Қазақстан спортшысының әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль иеленгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript