Қазақстандық алты боксшы Странджа кубогының алтын медалі үшін сынға түседі

Қазақстандық алты боксшы Странджа кубогының алтын медалі үшін сынға түседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2026 13:08 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа турнирінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/2 финалдың қорытындысы бойынша бес отандасымыз финалға өтті.

Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) Элина Базарова (54 келіге дейін), Лаура Есенкелді (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) ақтық сында жұдырықтасады.

80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец жеребенің қорытындысы бойынша финалға тікелей жолдама алған еді.

Осылайша, алты жерлесіміз алтын жүлде үшін бақ сынайды.

Ал Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, финал бүгін, 1 наурызда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: