Қос отандық боксшы Странджа кубогының финалына шығу үшін бақ сынайды

Бокс, Болгария, Странджа кубогы, жартылай финал, Даниял Сәбит, Фарух Тоқтасынов , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2026 15:25 Сурет: olympic.kz
Бокстан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында екі қазақстандық спортшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы ширек финалдық бәсекелердің нәтижесінде Даниял Сәбит (50 келіге дейін) және Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) ақтық сынға шығу үшін бақ сынайды, делінген Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал Бағлан Кенжебек (55 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін), Бекзат Таңатар (85 келіге дейін), Нурмагамед Юсупов (90 келіге дейін), Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін) және Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) жарыс жолын 1/4 финалда аяқтады.

Айта кетейік, жартылай финал 28 ақпанда өтеді.

Бұған дейін Странджа кубогы аясында әйелдер арасында алты боксшы жартылай финалға өткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: