Асылхан Асан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Сурет: olympic.kz
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Айролода (Швейцария) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті.
Финалда Асан төрешілердің шешімімен 103.35 ұпай жинады. Осылайша алтыннан алқа тақты.
Оның командаласы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орынды Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript