Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты өтеді

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 18:35 Сурет: olympic.kz
Астана жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізу орны ретінде таңдалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы – World Athletics баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы ұйым кеңесінің Польшаның Торунь қаласында өткен отырысында ресми түрде жарияланды.

Әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 2030 жылы 15-17 наурыз аралығында өтеді.

Сондай-ақ халықаралық федерация басқа да әлем чемпионатының өтетін елдерін атады. Мәселен, 2028 жылы жабық кешендегі әлем чемпионаты Одишада (Үндістан) өтеді. Ал Қытайдың Хэфэй қаласында 2028 жылы спорттық жүрістен командалық әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2023 жылы Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өткен еді. Сондай-ақ елорда 2024 және 2025 жылдары World Indoor Tour Gold сериясының кезеңдерін қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: