Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді
Сурет: olympic.kz
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңызды республикалық жарыс 9 қаңтарда басталады.
Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қатысады.
Жарыс барысында 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Аталған чемпионат іріктеу ретінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамға енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript