Әмір Омарханов Тунистегі ITF M15 турнирінің чемпионы атанды

Әмір Омарханов Тунистегі ITF M15 турнирінің чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2026 09:11 Сурет: ktf.kz
18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов (ATP live-рейтингісінде 643-орын) Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы табысынан кейін отандасымыз кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты.

Турнирдің бас жүлдесі сарапқа салынған шешуші матчта Омарханов жарыстың басты фавориті, түркиялық Мерт Алкаямен (383-ші ракетка) кездесті.

Үш сетке созылған тартысты бәсеке 7:5, 1:6, 7:5 есебімен Әмірдің жеңісімен аяқталды. Бірінші партияда басым түскен қазақстандық спортшы екінші кезеңде есе жібергенімен, шешуші сәтте қайсарлық танытып, жеңісті жұлып алды.

Бұл жетістік Омархановқа кәсіби мансабындағы төртінші титулын сыйлады. Бұған дейін Әмір Тунистегі турнирлердің жекелей және жұптық сынында үздік шықса, Испанияның Манакор қаласында өткен жарыста жұптық сында топ жарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: