Әмір Омарханов Тунисте ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: instagram/_maestroamir_
Тунис қаласы Монастирде қазір ITF M15 санатындағы кәсіби теннис турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық 18 жастағы Әмір Омарханов турнирде тамаша өнер көрсетіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағандылық теннисші 1/2 финал кезеңіне жетіп, 21 жастағы француз Луис Ларуені бір сағат 38 минутта 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Оған дейін Омарханов тағы екі азулы қарсыласын жеңген еді.
Ол бастапқы матчта италиялық Леонардо Примуччиді 6:7, 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Содан кейін кореялық Гиен Жун Кимнен 7:5, 6:0 есебімен айласын асырды.
Енді 7 ақпанда тунис турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші финалға шығуға тырысады. Ертең ол тәжірибелі француз Николас Тепмахпен (ATP №737) шеберлік байқасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript