Әмір Омарханов ITF M15 турнирінің финалында алғаш рет өнер көрсететін болады
Сурет: ktf.kz
Әмір Омарханов өзінің кәсіби мансабында алғаш рет Монастирде (Тунис) өтіп жатқан ITF M15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда қазақстандық 52 минут ішінде неміс теннисшісі Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді, деп жазады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Финалда 18 жастағы Әмір тағы бір неміс спортшысы Макс Шонхауспен (824 ATR) бақ сынасатын болады.
Шешуші матч 2025 жылдың 23 қарашасында өтеді.
Омарханов бұған дейін 23 жастағы испандық Хорхе Плансты (№847 ATP) жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript