Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2026 10:43 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Парижде (Франция) әртістік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.

Техникалық бағдарламада Виктор Друзин 226.6050 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Бірінші орынды 245.4900 ұпаймен Қытай өкілі Го Муе иеленді. Ал Ұлыбритания спортшысы Ранджуо Томблин 238.9359 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Эдуард Ким 225.3225 ұпаймен төртінші орын алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: