Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Хургадада (Мысыр) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады.
Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.
Тағы бір отандасымыз Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.
Бұған дейін халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар Өзбекстан спортшыларын басып озғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript