Халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар Өзбекстан спортшыларын басып озды

Халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар Өзбекстан спортшыларын басып озды , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 10:58 Сурет: kfb.kz
Бакуде өтіп жатқан бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінде ерлер арасында финалдық жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz ақпараты бойынша, Бағлан Кенжебек (54 келіге дейін) пен Нұрбек Мұрсал (71 келіге дейін) ел қоржынына "алтын" салды.

Санжарәлі Бегалиев (75 келіге дейін) күміс жүлде жеңіп алды. Қола медаль иегерлері: Нұрғиса Тұрабеков (48 келіге дейін), Жандаулет Сәрсенбаев (54 келіге дейін), Ержан Тұрдан (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Асылхан Көшербай (67 келіге дейін) және Дәурен Мамыр (86 келіге дейін)

Бұл ретте, Өзбекстан құрамасы турнирді 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен аяқтады. Көршілер құрамындағы жалғыз алтын медальді этникалық қазақ Саят Ілиясов (63,5 келіге дейін) жеңіп алды.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Бакудегі турнирде тоғыз медаль жеңіп алғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: