Төрехан Сабырхан бастаған боксшылар Еуразия кубогінің жартылай финалына шықты

Төрехан Сабырхан бастаған боксшылар Еуразия кубогінің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 17:48 Сурет: olympic.kz
Ресейде өтіп жатқан бокстан Еуразия кубогі турнирінде жартылай финал жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан жастар командасы сапынан  13 боксшы жартылай финалға өтті. Олардың арасында Бексұлтан Боранбек (51 келі), Әділбек Қожахан (54 келі), Ахмет Үсен, Асылхан Көшербай (63,5 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Дамир Синеев, Мадияр Бексұлтанов (80 келі) және Аслан Елдібайұлы (92 келі) ресейлік боксшылармен финал жолдамасын сарапқа салады. 

Ал Әли Мұрат (54 келі) Моңғолия боксшысымен,  Жансерік Көшербаев (57 келі) пен Төрехан Сабырхан (67 келі) Армения спортшыларымен жұдырықтасады. 

Кездесулер бүгін өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: