Қазақстан теннисшісі Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

Григорий Ломакин, теннис, Таиланд, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 19:56 Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннисшісі Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ломакин жергілікті спортшы Максимус Джонспен тізе қоса отырып, корей-жапон дуэті Сон Йонг Хан мен Тайсей Ишикаваны екі сетте 6:3, 6:2 есебімен ұтып кетті.

Алдында қазақстандық теннисші жекелей сында да жартылай финалға шыққан болатын. 

Айта кетсек, 25 жастағы Қазақстан теннисшісі бүгінгі таңда АТР-дың жұптық сыны бойынша әлемдік рейтингте 322-орында тұр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: