Қазақстан теннисшісі Таиландта өткен ірі турнирде сенсация жасады

Григорий Ломакин, теннис, сенсация, Таиланд, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2023 14:56 Сурет: sports.kz
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған Ломакин финалда әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы болып табылатын жергілікті теннисші Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыласын жеңуі мүмкін емес деп топшылағанған додада жерлесіміз сенcация жасады, деп хабарлайды Sport.kz.

Үш сет бойында: 7:6, 4:6, 6:3 есебімен ол қарсыласынан басым түсіп, чемпиондық атақты жұлып алды. 

Айта кетсек, Ломакин турнирді іріктеу сынынан бастап бір апта ішінде жеті матч бойында қатарынан жеңіске жеткен. 

Жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.

Айта кетсек, алдында тағы бір жерлесіміз Тимофей Скатовтың АҚШ-тың ашық чемпионатының негізгі турниріне жолдама алғаны, оның қарсыласы белгілі болғаны хабарланған.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: