Григорий Ломакин Таиландтағы турнирдің чемпионы атанды

Григорий Ломакин, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 00:41 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған қазақстандық теннисші жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс барысында бес теннисшіні тізе бүктірді.

Финалда 25 жастағы Григорий Ломакин әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:2). Екіншісінде 4:6 есебімен есе жібергенімен, шешуші сетте жеңісті жұлып алды – 6:3.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: