US Open: Тимофей Скатовтың алғашқы айналымдағы қарсыласы анықталды

Тимофей Скатов, US Open, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2023 12:34 Сурет: ktf.kz
28 тамызда Нью-Йоркте "Үлкен Дулыға" турнирі басталады. АҚШ-тың ашық чемпионатының негізгі турниріне алғаш рет жолдама алған отандасымыз Тимофей Скатовтың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші айналымдағы матчта Скатов әлемдік рейтингте 13-ші орында тұрған австралиялық Алекс де Минордмен кездесетін болады. Бұрын қос теннисші бір-бірімен кездесіп көрмеген. Ойын 29-нан 30 тамызға қараған түні №11 кортта төртінші болып өтеді. Алғашқы ойын Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

24 жастағы австралиялықтың қоржынында АТР турының жеті титулы бар. Ағымдағы маусымда ол Акапулькода (Мексика) өткен АТР-500 турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Тимофей Скатов US Open біліктілігі кезеңін сәтті еңсерген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: