Жібек Құламбаева жұптық сындағы 15-ші титулын жеңіп алды

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 14:36 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Жібек ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен күш сынасты.

Маклакова мен Зайцева осы доданың екінші ракеткалары еді.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар екінші сетте де осы қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4. Осылайша Жібек жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: